Жарқайың аудандық мәслихаты «Таза Қазақстан» экологиялық науқанын қолдады.

    1 / 4

    Ағымдағы жылдың 21–22 қазан күндері Жарқайың аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында және Республика күніне орай шырша мен өзге де ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына қатысты.

    Іс-шара аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Ағаш отырғызу – табиғи ресурстарды сақтауға, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті арттыруға қосылған маңызды үлес.

    Осындай игі бастамалар тұрғындарды ортақ мақсатқа біріктіріп, туған өлкені таза, жасыл әрі жайлы етуге, оны бүгінгі және келешек ұрпақ үшін сақтауға ықпал етеді.

    Жарқайың аудандық мәслихаты аумақты абаттандыруға және туған өлкенің табиғи байлығын сақтауға бағытталған экологиялық бастамаларды қолдайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жарқайың ауданының мәслихаты" жаңалықтары