2026 жылғы 5 қарашада Көкшетау қаласында «Жаңартылған Конституция аясында қоғамдық кеңестерді дамыту» тақырыбында Ақмола облысының қоғамдық кеңестер форумы өтті.
Форумға мемлекеттік органдардың, облыс аудандары мен қалаларының қоғамдық кеңестерінің өкілдері, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы қатысты.
Жарқайың ауданынан форумға аудан әкімінің орынбасары А. Әбенова, аудандық мәслихаттың бұрынғы төрағасы А. Әлжанов, Қоғамдық кеңестің төрағасы Д. Шәкіров, Қоғамдық кеңес мүшелері В. Мовсисян мен Т. Сайфуллина, Қоғамдық кеңестің хатшысы А. Беркумбаева қатысты.
Форум барысында қатысушылар мемлекеттік басқару жүйесіндегі қоғамдық кеңестердің рөлін, қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылады. Азаматтардың ұсыныстары қабылданатын шешімдерде нақты көрініс табуына және қоғамдық кеңестер қызметінің тұрғындар үшін нақты нәтижелер беруіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қоғамдық кеңестер жұмысының үздік тәжірибелері таныстырылып, қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс орнату және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты дамыту мәселелері бойынша оқыту шеберлік сабақтары өткізілді.
Форумның маңызды сәттерінің бірі – Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарын қоғамдық кеңестердің белсенді өкілдеріне табыстау рәсімі болды. Азаматтық белсенділігі, қоғамдық бақылауды дамытуға қосқан елеулі үлесі және жемісті қоғамдық қызметі үшін Жарқайың аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі В. Мовсисян Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Форумға қатысу тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайту бағытындағы алдағы жұмыс басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









