Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, мемлекеттіліктің сан алуан мәселелерімен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, оның құқықтық және қызметтік негіздерін қалыптастыру қажеттігі туды. 1993 жылы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заң қабылдап, қоғамды демократияландыру жолында ең алғаш 1994 жылы жергілікті өкілді органдарға сайлау өткізілген болатын. Осылайша өкілді органдар жергілікті тұрғындардың еркін білдіретін, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған өзіндік көпір іспеттес сайланбалы халықтық орган болып қалыптасты Өкілетті органдар ретінде биліктің бір тармағы болып табылатын жергілікті жерлердегі мәслихаттарға өзінің алғашқы қалыптасқан кезеңдеріне қарағанда қазіргі қолданыстағы заңнамалар аясында ауқымды міндеттер жүктелген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жергілікті өкілетті органның, яғни, мәслихаттардың және атқарушы органдардың міндеттерін айқындап берді. Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы, мәслихат депутаттары арқылы аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімдерін сайлау енгізіп, мәслихаттың рөлі арттырылды. Мәслихаттың әкім лауазымын тағайындауға келісім беру туралы ұсынысты қарау жөніндегі сессияның барысында тағайындалатын кандидатура бойынша талқылау жүргізуге құқылы болды. Мұның бәрі де еліміздегі демократиялық үрдістердің жаңа сатыға көтерілгендігін айғақтайды. Халық қалаулылары, өкілетті органдарға сайлана отырып, аудан өміріне қатысты түрлі маңызды шешімдер қабылдау, оның жүзеге асырылуын бақылау барысында жерлестеріміздің мүдделерін қорғау міндеті жүктелгенін жақсы сезінеміз.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылдың 12 қыркүйекте сағат 10:00-де Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8 шақырылымның кезектен тыс 76 сессиясының өтетіні туралы хабарлаймын. Сессияда «Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-63/2 «Жарқайың ауданының Державин қаласының, ауылдық округтері мен ауылдарының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және тағы басқа мәселелер қаралады. Сессия Фейсбук әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі. Көру сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100024138882090 Депутаттардың келуі мен тіркелуі осы жылдың 12 қыркүйекте сағат 09:30-да жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылдың 09 қыркүйекте сағат 10:00-де Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8 шақырылымның кезектен тыс 75 сессиясының өтетіні туралы хабарлаймын. Сессияда «Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-62/2 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» мәселесі қаралады. Сессия Фейсбук әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі. Көру сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100024138882090 Депутаттардың келуі мен тіркелуі осы жылдың 09 қыркүйекте сағат 09:30-да жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 19 бабының 6-тармағына, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 42/33 «Учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелерін өз міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты келесі сайлау комиссиялары құрамында бос орындар туралы хабарлайды: учаскелік сайлау комиссиясы: № 482 – 1; № 491 - 1; № 501-1. Округтік сайлау комиссиялары: № 2 - 2. Сайлау комиссиясының құрамында барлығы 5 (бес) бос орын бар. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 13 қазанға дейін (қоса алғанда) аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады: 1) сайлау комиссиясының құрамына кандидат туралы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер; 2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме; 3) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi сол комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс. Сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс. Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және толық тума емес аға және апалары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 сәуірге дейін, дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс - 13:00-ден бастап 14:30-ға дейін. Мәслихаттың орналасқан жері: 021100, Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 34, 1 қабат . Жауапты тұлға: Сыздыкова Любовь Сергеевна, тел: 8 (716-48) 92515, электрондық пошта мекенжайы [email protected]; Жарқайың аудандық мәслихаты
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылдың 28 қыркүйекте сағат 16:00-де Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8 шақырылымның кезектен тыс 74 сессиясының өтетіні туралы хабарлаймын. Сессия Фейсбук әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі. Көру сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100024138882090 Депутаттардың келуі мен тіркелуі осы жылдың 28 қыркүйек сағат 15:30-да жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 19 бабының 6-тармағына, Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 42/33 «Учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелерін өз міндеттерінен босату туралы» қаулысына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты келесі сайлау комиссиялары құрамында бос орындар туралы хабарлайды: учаскелік сайлау комиссиясы: № 482 – 1; № 491 - 1; № 501-1. Округтік сайлау комиссиялары: № 2 - 2. Сайлау комиссиясының құрамында барлығы 5 (бес) бос орын бар. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын сайлау комиссияларынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады: 1) сайлау комиссиясының құрамына кандидат туралы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер; 2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме; 3) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi сол комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс. Сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс. Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және толық тума емес аға және апалары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс. Сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 28 сәуірге дейін, дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады, үзіліс - 13:00-ден бастап 14:30-ға дейін. Мәслихаттың орналасқан жері: 021100, Ақмола облысы Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 34, 1 қабат . Жауапты тұлға: Сыздыкова Любовь Сергеевна, тел: 8 (716-48) 92515, электрондық пошта мекенжайы [email protected]; Жарқайың аудандық мәслихаты
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 11:00-де Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8 шақырылымның кезекті 73 сессиясының өтетіні туралы хабарлаймын. Сессияда «Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау туралы есебі» мәселесі қаралатын болады. Сессия Фейсбук әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі. Көру сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100024138882090 Депутаттардың келуі мен тіркелуі осы жылдың 15 қыркүйегінде сағат 10:00-да жүргізіледі. Жарқайың аудандық мәслихаты төрағасы А.Әлжанов
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.09.2026 – 08.09.2026 Қабылдау 1 этап: 07.09.2026- 08.09.2026 Қабылдау 2 этап: 09.09.2026 Практикалық бағалау: 10.09.2026 Анықтама телефоны: 87164891571 E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазым атауы: «Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы, E-4 Функционалдық міндеттері: Депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңесшісі және жетекшісі болып табылады. Құжаттардың аудармасы және түп нұсқамен бірдей болуына бақылау жүргізеді. Мәслихат аппаратының маңдайша жазуларының және көрнекіліктерінің дұрыс аударылуын қадағалайды. Мәслихат сессияларын дайындауға және өткізуге ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етеді, сессия хаттамаларын, материалдарын, тұрақты комиссия қаулыларын, төрағаның өкімдерін және басқа да құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдейді. Түсетін электронды поштаны қадағалайды. Мәслихаттың сайтын керекті материалдармен қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихаттың жауапты қызметкерлерінің жұмысқа шығуын есепке алу табелін, мәслихат аппаратының қызметкерлерінің еңбек демалысы кестесін құрады. Айтулы даталардың өткізілуімен байланысты материалдарды дайындайды. Мәслихаттың сессиясын дайындайды (материалдық-техникалық қамтамасыз етеді). Сайлау комиссиясын құру бойынша базаны, БЭҚАЖ Е-қызмет бағдарламасын жүргізеді. Әділет органдарына нормативтік құықтық актілердің жариялануы бойынша апта сайын есеп құрады. Депутаттарға өз өкілеттерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Құжаттарды мұрағатқа тапсыру үшін өңдейді және дайындайды. Төрағамен, аппарат басшысымен және бөлім басшысымен анықталған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Білімі бойынша талап: Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіптік білім: білім беру немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді. бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару. Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
Жарияланды:
Ереже
«Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
ЖОБА Жарқайың аудандық мәслихатының ШЕШІМІ Державин қаласы № 2026 жыл «Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін. «Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бекітілген Ережесі «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Ақмола облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелсін. Жарқайыңаудандықмәслихатының2019жылғы26 шілдедегі№6С-41/4«Жарқайыңаудандықмәслихатыныңаппараты»мемлекеттікмекемесініңЕрежесінбекітутуралы»шешімініңкүшіжойылды деп танылсын. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Л.С.Сыздыковаға жүктелсін. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі. Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А. Әлжанов ЖОБА Жарқайың аудандық мәслихатының 2026 жылғы _______________________ шешімімен БЕКІТІЛДІ «Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ Державин қаласы Жарқайың аудандық мәслихатының 2026 жылғы ____________ № шешімімен бекітілген «Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер «Жарқайың аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Жарқайың аудандық мәслихатының (бұдан әрі – мәслихат) жұмысын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мәслихат аппаратының мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 021100, Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 34, 1 қабат. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі. 2-тарау. Мәслихат аппаратыныңмақсаттарымен өкілеттіктері Мақсаттары: 1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру; 2) депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету. Өкілеттіктері: құқықтары: заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі, шарттар жасасады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады; барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратады және алады; мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. міндеттері: мемлекеттік қызметшілер атынан өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, регламентке, мәслихат шешімдеріне, мәслихат аппаратының өкімдері мен бұйрықтарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті. Функциялары: 1) мәслихаттың жұмыс жоспарына және регламентіне сәйкес сессияларды, тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастыру – техникалық жұмыстарды жүзеге асыру; 2) депутаттық корпусты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары барысында атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшылары атына келіп түскен олардың сауалдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын бақылау; 3) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде айтқан ұсыныстары мен ескертулерін мониторингілеу және қорыту, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау; 4) депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша шешімдердің, қаулылардың жобаларымен және тиісті материалдармен қамтамасыз ету; 5) тұрақты комиссиялардың ұсыныстары негізінде мәслихаттың және тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарларын жасау; 6) тұрақты комиссиялардың отырыстарына қатысу, депутаттарға шешімдердің жобаларын, комиссиялардың қаулылары мен мәслихат шешімдерін дайындау мәселелерінде көмек көрсету; 7) сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала талқылауды ұйымдастыру және депутаттарға қорытындылардың, мәслихат шешімдерінің және тұрақты комиссиялар қаулыларының жобаларын сапалы дайындау мәселелерінде көмек көрсету; 8) мәслихаттың тұрақты комиссияларының, депутаттық бірлестіктері мен өзге де органдарының қызметін үйлестіру; 9) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы есептер дайындау; 10) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстарын талдау, депутаттардың осы ұйымдардың өкілдерімен және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесулерін ұйымдастыру; 11) мәслихат регламентіне сәйкес сессиялардың, комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдеу; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, нормативтік-құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсыну; 13) сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға дайындау және олардың орындалуын бақылау; 14) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын шешімдердің жобаларын, сондай-ақ мәслихаттың басқа да материалдарын мәслихат сайтында орналастыру; 15) мәслихат төрағасының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру, олардың өтініштері мен арыздарын қарау; 16) іс қағаздарын жүргізу, мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарын таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз ету; 17) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды, қабылдауды, қарауды және тіркеуді жүзеге асыру; 18) мәслихаттың құжаттамалық қызметін қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, іс жүргізудің мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 19) мәслихат аппаратының қызметшілері арасында кадрлық жұмысты ұйымдастыру; 20) Жарқайың ауданы сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру; 21) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және мәслихат регламентімен өзіне жүктелген басқа да функцияларды орындау. 3-тарау. Мәслихаттөрағасыныңмәртебесі, өкілеттіктері Мәслихат төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға сайланады және лауазымнан босатылады. 17. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері: 1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды; 2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды; 3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді; 4) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды; 5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды; 6) мәслихат аппараты басшысын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады; 7) сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа жүйелі түрде ақпарат беріп отырады; 8) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады; 9) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес, әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастама жасаған мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады; 10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады; 11) мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді; 12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл етеді; 13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді; 14) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихаттың регламентінде және шешімдерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды. Мәслихат төрағасының мәслихаттың тұрақты комиссиялары құрамында болуға құқығы жоқ. Мәслихаттың төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады. Егермәслихатсессиясындадауыс беру кезіндемәслихатдепутаттарының дауыстары тең бөлінгенжағдайда,мәслихаттөрағасышешушідауысқұқығынпайдаланады. 4-тарау. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері Мәслихат аппаратын ҚазақстанРеспубликасыныңқолданыстағызаңнамасынасәйкес қызметке тағайындалатынжәне қызметтен босатылатынмәслихатаппаратыныңбасшысы басқарады. Мәслихат аппаратының басшысы: 1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды; 2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады; 4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді; 7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; 9) мәслихаттың сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады; 10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды; 11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 5-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу құқығы бар. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік Жарқайың ауданының коммуналдық меншігіне жатады. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 6-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мәслихат аппаратының қарамағындағы ұйымдар жоқ.