Жерде де, әуеде де бақылау: Ақтөбе полициясы қоғамдық қауіпсіздікті күшейтті

    Ақтөбе қаласында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жерүсті патрульдерімен қатар, әуеден бақылау мүмкіндіктерін де пайдалануда.
    Ұшқышсыз ұшу аппараттары жағдайды әуеден бақылауға, құқық бұзушылықтарды анықтауға және патрульдік экипаждардың жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қала көшелерінде, қоғамдық орындар мен жолдарда кешенді тексеру жұмыстарын жүргізуде.
    Іс-шараның алғашқы екі күнінде 58 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
    Атап айтқанда, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу бойынша 19, азаматтарға тиісу бойынша 12, жаяу жүргіншілерге жол бермеу бойынша 15 дерек тіркелді. Сондай-ақ қарсы бағытқа шығудың 4 фактісі анықталды.
    Жол қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылуда. Көлік құралын мас күйінде басқарудың 5 дерегі анықталды, оның ішінде 2 жағдайда жүргізушілер есірткілік масаң күйде болған. Бұдан бөлек, көлік басқару құқығынан айырылған адамның рөлге отырғаны белгілі болды.
    Контроль с воздуха и патрулирование на земле — общая задача одна: порядок и безопасность в городе!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары