Қамысқала ауылдық округі, Алакөл орта мектебінде «Нашақорлық – қоғамның қауіпті індеті» тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі заттарының зияны туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Нашақорлық – қоғамның қауіпті індеті» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар зиянды әдеттерден аулақ болу, бос уақытты тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстары аясында оқушыларға нашақорлықтың алдын алу жолдары көрсетілген жадынамалар таратылды.
Мақсаты:оқушылардың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.









