2026 жылғы 21 қазанда Қамысқала ауылдық округіндегі Алакөл орта мектебінде 7, 8, 9-сынып оқушыларының қатысуымен Республика күніне орай «Қазақстан – Республикам менің» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Танымдық сағат барысында оқушылар арасында қызықты ойындар мен интеллектуалдық сайыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар сурет салу, патриоттық әндер орындау және патриоттық өлеңдер оқу байқаулары өткізіліп, оқушылар өздерінің білімдерін, шығармашылық қабілеттері мен өнерлерін көрсетті.
Іс-шара белсенді әрі мазмұнды өтіп, оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтуға ықпал етті. Шара соңында үздік қатысушылар марапатталып, Республика күніне арналған мерекелік көңіл күй қалыптасты.
Отанды сүю – туған жердің тарихын құрметтеп, елдің болашағына жауапкершілікпен қараудан басталады!









