Қамысқала ауылдық округінде жастар арасында экстремизмнің алдын алу, діни және идеологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында «Экстремизм және жастар: қауіп-қатерлер мен сақтану жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру бағытындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында экстремизмнің қоғамға тигізетін кері әсері, оның жастардың санасы мен болашағына төндіретін қауіп-қатерлері туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттар мен теріс идеологиялардың ықпалы, арандатушылық әрекеттерден сақтану жолдары және ақпаратты дұрыс саралай білу мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел қатысушылары жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау, бейбітшілік пен бірлікті нығайту жөнінде өз ойларын ортаға салды.









