Қымбат смартфон көзден ғайып болды: Қарағандыда ұрлық ашылды

    Қымбат смартфон көзден ғайып болды: Қарағандыда ұрлық ашылды. Қарағандыда 500 мың теңгелік смартфон ұрлаған күдікті ұсталды. Ол жәбірленушінің үйіне қонаққа келген танысы болып шықты. Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны үшін таныстарымен бірге өткізген кеш күтпеген шығынмен аяқталды. Ер адам құны жарты миллион теңге болатын смартфонынан айырылған. Полиция мәліметінше, пәтер иесі жақында сатып алған қымбат телефонын қонағына көрсетіп, кейін сөреге қалдырған. Алайда таңертең оянғанда смартфонның да, қонағының да жоқ екенін байқаған. Телефонын таба алмаған ер адам полицияға арызданған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Әлихан Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол жәбірленушінің көрші үйінде тұратын 43 жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, іс бойынша дәлелдемелер жинақталуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары