ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

    1 / 5

    Тұрғындардың мәселесін шешу үшін ең алдымен олардың үнін есту маңызды.

    Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев «Bromelia» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

    Кездесуге коммуналдық қызметтер, Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы, полиция, прокуратура және құрылыс салушы «K7 Group» ЖШС өкілдері қатысты.

    Тұрғындар жылумен қамтамасыз ету, инженерлік желілер, өрт қауіпсіздігі, жарықтандыру, қоқыс шығару және аула инфрақұрылымына қатысты мәселелерді көтерді.

    Аудан әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, тұрғын үй кешеніне іргелес аумақтың абаттандырылу жағдайын да жеке тексерді. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелер мен құрылыс салушыға нақты тапсырмалар берілді.

    Басты мақсат – тұрғындардың күнделікті өміріне әсер ететін мәселелерді назардан тыс қалдырмай, олардың нақты шешілуін қамтамасыз ету.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары