Қарағандыда мас күйде автобус басқарған жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Қарағандыда полиция қызметкерлері жолаушылар автобусын мас күйде басқарған жүргізушіні анықтады. Құқық бұзушылық жаяу жүргіншіге жол бермеу дерегі бойынша тексеру кезінде белгілі болды. Назарбаев даңғылында патрульдеу кезінде полицейлер № 29 бағытта қатынайтын Dong Feng маркалы автобустың реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде адамға жол бермегенін байқаған. Көлік тоқтатылып, жүргізуші тексерілді. Тексеру барысында 41 жастағы жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілері байқалып, медициналық куәландыру нәтижесінде оның мас күйде болғаны расталды. Анықталғандай, жүргізуші соңғы аялдамада жолаушыларды түсіргеннен кейін де бағыт бойынша қозғалысын жалғастырған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды. Жүргізушіге 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Полиция мас күйде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін елеулі қауіп екенін ескертеді. Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өзге адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Қарағандыда мас күйде автобус басқарған жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар
АЛМАТЫДА ЕМХАНАЛАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСЫМ МІНДЕТТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыАшу
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Құқықтық көмек керуені» өз жұмысын жалғастыруда!
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыАшу
Ақтөбе облысында тағы бір ауқымды құрылыс: 5000 көрерменге арналған әмбебап спорт кешенінің құрылысы басталды
Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасыАшу
Қауіпсіз қоғам – экстремизм мен терроризмге қарсы ортақ мүдде
ҚР ТҚОАшуҚұрметті Петропавл қаласының тұрғындары!
Петропавл қаласының әкімдігіАшу
"Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Даланың экологиялық «өнімі»: Өсімдік қалдықтарын заңсыз төккен жүргізушіге айыппұл салынды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағанды облысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған фермер ұсталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағандыда құрылыс компаниясы 200 мың теңгеден астам айыппұл арқалап, 100 көшет отырғызуға міндеттелді
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Нөмірін шешіп, көлігін жасырған: Қарағандыда айыппұлдан жалтармақ болған 19 жастағы жүргізуші ұсталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Түнгі рейд: Қарағандыда мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу