Қауіпсіз қоғам – экстремизм мен терроризмге қарсы ортақ мүдде

    Шардара ауданы Көксу ауылының тұрғындарына «Қауіпсіз қоғам – экстремизм мен терроризмге қарсы ортақ мүдде» тақырыбында экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесу аудандық Терроризмге қарсы комиссияның үйлестіруімен өткізіліп, ақпараттық насихаттық топ мүшелері де қатыстырылды.

    Кездесудің мақсаты – ауыл тұрғындарының арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын түсіндіру, аталған қауіп-қатерлерге қарсы ақпараттық, құқықтық дайындық деңгейін арттыру және қауіп тудыратын ықпалдарға қарсы тұру қабілетін қалыптастыру болып табылады.

    Кездесу барысында сала мамандары экстремизм мен терроризм профилактикасы тұрғысынан қауіпті ақпарат көздерін анықтау, радикалды идеологияның таралу арналары мен тәсілдерін ақпарат берілді.

    Қоғамдық ортада экстремизм мен терроризм белгілерін ерте тану арқылы қауіптің алдын алуға болатындығы ерекше атап өтілді.

    Сонымен қатар, экстремизм мен терроризмнің пайда болу себептері, олардың құрылымдық және тактикалық ерекшеліктері, сондай-ақ бұл құбылыстардың қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсері терең талқыланды.

    Терроризмнің алдын алудағы азаматтық ұстанымның маңыздылығы, күдікті жағдайларда жауапты органдарға жедел хабарлау тетіктері, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы да жеке қарастырылды.

    Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптарын алды.

    Кездесуге 100-ге жуық ауыл тұрғындары қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары