Түнгі рейд: Қарағандыда мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды. Қарағандыда түнгі уақытта мас күйде көлік басқарған 38 жастағы жүргізуші анықталды. Енді оған 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Оқиға түнгі сағат үш шамасында қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің бойынан алкогольдің өткір иісін сезіп, оның масаң күйде болуы мүмкін екенін байқаған. Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны расталды. Аталған дерек бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Масаң күйде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін өрескел құқық бұзушылық. Мұндай әрекет үшін заңда қатаң жауапкершілік көзделген.
Түнгі рейд: Қарағандыда мас күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚР РФ Елшісі Д. Абаев креативті индустрия өкілдерімен кездесті
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы ЕлшілігіАшу
Қазақстан мен Руанда екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады
Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы ЕлшілігіАшуТүркістан облысы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі
Туризм индустриясы комитетіАшу
"Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Жас сақшылардың жігері сынға түсті: Қарағандыда облыстық спартакиада өтті
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қазақстан нөмірінің астында — Грузия нөмірі: Қарағанды облысында жүргізуші қамауға алынды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Жылытқышты қоса алып кеткен: Қарағандыда жалға алушы үй иесінің мүлкін иемденіп кеткен
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Погондағы спортшы: қарағандылық полицей Эльмира Сыздықова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Камераға түсіп қалды: Теміртауда аулаға ескі жиһаз тастаған тұрғынның көлігі айыптұраққа қойылды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу