Қарағандыда патрульдік полицейлер 323 дана электронды темекіні тәркіледі

    Қарағандыда патрульдік полицейлер 323 дана электронды темекіні тәркіледі. Қарағанды қаласында патрульдік полиция қызметкерлері вейптердің заңсыз айналымына тосқауыл қойды. Жоспарлы патрульдеу кезінде полицейлер тексеру үшін «Лада Приора» автокөлігін тоқтатқан. Көлік салонын тексеру барысында 30 жастағы жергілікті тұрғыннан никотин бар 323 дана заңсыз өнім табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер тыйым салынған өнімнің қайдан жеткізілгенін және оны өткізу арналары мен ықтимал сауда орындарын анықтауда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары