АЛМАТЫДА ЕМХАНАЛАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСЫМ МІНДЕТТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында басқарма басшысы Марат Пашимовтың төрағалығымен қаланың медициналық ұйымдары басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

    Кеңес барысында орфандық аурулары бар ересек пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелері қаралды. Сондай-ақ 2026 жылдың тоғыз айындағы № 3, 4 және 7 қалалық емханалардың қызмет қорытындылары шығарылды.
    Кездесу барысында емхана басшылары атқарылған жұмыстардың нәтижелерін, жаңа жобалар мен даму бағыттарын таныстырды. Атап айтқанда, № 3 қалалық емхана медициналық туризм, цифрландыру, эндокринология және диабетология салаларындағы бастамаларын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету жобаларын ұсынды.
    Жасанды интеллектіні енгізу және пациенттермен өзара іс-қимылды автоматтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Кеңес қорытындысы бойынша қаланың медициналық ұйымдарына арналған алдағы міндеттер айқындалды. Негізгі басымдықтар — медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, профилактикалық жұмысты күшейту, диспансерлік бақылауды жетілдіру, цифрлық шешімдерді дамыту және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің тиімділігін арттыру.

    Медициналық ұйымдардың басшыларына белгіленген бағыттар бойынша жұмысты жалғастырып, қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары