Елорда прокуратурасы күзгі демалыс қарсаңында Ы. Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу барысында оқушыларға заң талаптары, негізгі қауіпсіздік шаралары, күзгі демалыс кезіндегі тәртіп ережелері және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелер талқыланды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсініктемелер алды.
Мұндай кездесулер кәмелетке толмағандардың құқықтық сауатын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстың бір бөлігі саналады.









