Елордалық саябақта ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған жаңа тренажерлер орнатылды

    1 / 4

    Астананың Орталық саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа тренажерлер орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Жаңа тренажерлердің арқасында арбаға таңылған адамдар ашық ауада оңалту жаттығуларын жасай алады.

    Саябақта мынадай тренажерлер пайда болды:
    • аяқты қалпына келтіруге арналған тренажер;
    • қолға арналған тренажер;
    • Бубновскийдің кроссовері.

    Жаңа спорт алаңы Орталық саябақта, амфитеатр мен «The St. Regis Astana» қонақүйінің арасында орналасқан.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары