Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бастамасымен семинар-кеңес өтті

    1 / 2

    2026 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бастамасымен азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.
    Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өткен іс-шараға аумақтық әділет департаменттерінің басшылары, әкімшілік бөлімдердің басшылары, баспасөз хатшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.
    Семинар барысында азаматтардың өтініштерін қарау сапасы мен тиімділігін арттыру, халықпен кері байланысты нығайту, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды.
    Іс-шара әділет органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыруға және қоғаммен тиімді коммуникация орнатуға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті" жаңалықтары