Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Жаныңдамын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Кеңөзек ауылдық округінің тұрғындарымен құқықтық түсіндіру кездесуі өтті.
🎯 Кездесудің мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет пен қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, күнделікті өмірде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге жағдай жасау.
🎤 Жиынды «Жаныңдамын» қоғамдық қорының басшысы Мейрамгүл Есниязова ашып, жүргізді. Кіріспе сөзінде заң мен тәртіптің әр адамның күнделікті әрекетінен басталатынын атап өтіп, өз құқығын білу, міндетіне жауапкершілікпен қарау және өзгенің құқығын құрметтеу туралы айтты.
👥 Кездесуге қатысқан мамандар:
🔹 Женисова Анар Женисовна — Атырау облысы Әділет департаментінің Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы;
🔹 Кукатов Мейрам Бактыгалиевич — Атырау облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы;
🔹 Қожықова Әйгерім Орынғалиқызы — Атырау облысының нотариаттық палатасының жекеше нотариусы.
💬 Жиын барысында сот шешімдерінің орындалуы, алимент өндіру, берешекке қатысты т.б мәселелер талқыланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









