Аудан әкімі Нұрхан Жасұланұлы Тлеумұратов салық қызметінің қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар сала өкілдеріне алғыс хат табыстады.
Мерекелік кездесуге Салық қызметі органдарының ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Саламат Аманбаев та қатысып, сала қызметкерлеріне арнайы құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, бірқатар азаматты құрмет грамотасымен марапаттады.
Кездесу барысында салық саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың ел игілігі жолындағы еңбектері атап өтілді.
Өз кезегінде сала ардагерлері көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Кәсіби мереке аясындағы кездесу сала мамандарының еңбегін бағалап, ардагерлерге құрмет көрсетуге арналды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









