1 / 2
Хромтау қаласындағы «Денсаулық аллеясында» абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратовтың қатысуымен өткен шараға аудан активі мен аудандық аурухананың медицина қызметкерлері де атсалысты.
Шара барысында аллея аумағына 81 түп көпжылдық гүл, 70 түп ағаш пен бұта көшеті отырғызылды.
Көгалдандыру жұмыстары қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы әрі таза демалыс ортасын қалыптастыруға бағытталған. «Денсаулық аллеясы» алдағы уақытта қала тұрғындары серуендеп, тынығатын көрікті орындардың біріне айналмақ.1114:26
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









