«ФК ХРОМТАУ» – АУДАН МАҚТАНЫШЫ

    1 / 17

    Аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов «ФК Хромтау» футбол командасының ойыншылары мен бапкерлерімен кездесіп, маусым қорытындысымен құттықтады.

    Кездесу барысында аудан әкімі команданың биылғы маусымдағы жетістіктеріне тоқталып, футболшылардың алаңдағы табанды ойыны мен бапкерлер құрамының еңбегін атап өтті. Сондай-ақ команданың жеңісі – бірлескен еңбектің нәтижесі екенін айтып, алдағы ойындарына сәттілік тіледі.

    Марапаттау рәсімінде команда ойыншылары мен бапкерлеріне аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, маусым бойы ерекше көзге түскен футболшылар бірнеше жеке номинация бойынша марапатталды.

    Жеке номинациялар иегерлері:

    Үздік ойыншы – Төлепберген Әнуар;
    Үздік қорғаушы – Сайдалиев Юсуф;
    Үздік қақпашы – Берденов Таир;
    Үздік сұрмерген – Жақан Елдар;
    Үздік жартылай қорғаушы – Шамшеден Бекет;
    Маусымның серпілісі – Боловинцев Доминик;
    Үздік көшбасшы – Данияр Урда;
    Маусымның үздік голы – Шәмшеден Шыңғыс (Талас командасының қақпасына соғылған гол).

    Айта кетейік, «ФК Хромтау» командасы Қазақстан Екінші лигасының «Оңтүстік-Батыс» аймағында чемпион атанып, Бірінші лигаға жолдама алды.

    Команданы тарихи жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары