ХРОМТАУДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

    1 / 10

    Хромтау ауданында Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды.

    Шараға ауданның әлеуметтік сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысып, аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жиналған қауымды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

    Өз сөзінде аудан басшысы әлеуметтік қорғау саласының қоғамдағы маңызына тоқталып, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, мұқтаж азаматтарға көмек көрсету және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ осы салада еңбек етіп жүрген мамандарға жауапты қызметтері мен ауданның әлеуметтік дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

    Мерекелік шара барысында аудан әкімі бірқатар сала қызметкерлерін адал еңбегі мен кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапаттады.

    Шара соңында әлеуметтік сала мамандарына зор денсаулық, отбасыларына амандық және жауапты қызметтеріне табыс тілеп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары