Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметтің маңызды құрамдас бөлігі

    1 / 4

    Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыру аясында мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткіздім.
    Кездесу барысында қызметтік әдеп қағидаттарын, моральдық-адамгершілік нормаларды, мінез-құлық мәдениетін сақтау, азаматтарға құрметпен қарау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері мен мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері қаралды.
    Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметіндегі жоғары стандарттарды сақтауына, қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілігіне, халықпен ашық әрі сенімді диалог орнатуына ерекше назар аударылды.
    Әрбір мемлекеттік қызметші адалдықтың, әділдіктің, парасаттылық пен жауапкершіліктің үлгісі болуы тиіс екенін атап өттім. Себебі азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімі әрбір мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы мен іс-әрекетінен басталады.
    Кеңес қорытындысы бойынша Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау және мемлекеттік қызмет мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары