Қыс мезгілінің басталуына байланысты жүргізушілерді көліктерін суық ауа райында пайдалануға алдын ала дайындауы қажет.
Кеден одағының 018/2011 «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес, желтоқсан, қаңтар және ақпан айларында қысқы шиналарсыз көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелегіне орнатылып, таудың үш шыңы бейнеленген қар ұшқыны бар белгімен немесе «М+S», «M&S», «M S» таңбаларымен белгіленуі тиіс.
Қыс мезгілінде жазғы шиналармен көлікті пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ жүргізушілерге, әсіресе елдімекендерден тыс жерлерге сапар жоспарлаған кезде, ауа райын ескеруге кеңес беріледі.
Облыстық маңызы бар тасжолдардың жай-күйі мен көлік қозғалысына жарамдылығы туралы тәулік бойы ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: 77-70-81, 77-60-05 - ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімі; 26-28-08, 24-08-98, 8-777-535-89-08 — «ҚАЖ Сервис» ЖШС ШҚО филиалы; 57-42-52, 8-705-798-05-99 — «ОблШығысЖол» ЖШС.
Ауа райы қолайсыз болғанда қала сыртындағы сапарлардан бас тартуға кеңес беріледі.
Қауіпсіздікті алдын ала ойлау қажет. Жолдарыңыз қауіпсіз болсын!
Дереккөз: ШҚО ПД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









