ШҚО спортшысы Олжас Дюсупов садақ атудан әлем чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды

    1 / 3

    30 қазан мен 4 қараша аралығында Корея Республикасының Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан әлем чемпионаты өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.

    Ұлттық құраманың қоржынында 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар.

    Қазақстан құрамасы жоғары шеберлігін, рух күшін және жеңіске деген жігерін көрсетіп, халықаралық аренада ел абыройын лайықты қорғады.

    Шығыс Қазақстан облысы үшін жерлесіміз Олжас Дюсуповтың өнер көрсетуі ерекше мақтаныш. Ол әлемдік додада өңіріміз бен Қазақстан Республикасының намысын абыроймен қорғады. Спортшы командалық есепте 30, 60 және 90 метр қашықтарда үш алтын медаль жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті.

    Бұл – садақшының халықаралық аренадағы алғашқы жеңісі емес. Оның еншісінде халықаралық жарыстарда қол жеткізген көптеген жетістік бар. Әрбір жаңа жеңісі оның жоғары спорттық деңгейін, мақсаткерлігі мен кәсіби шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдейді.

    Спортшының жаттықтырушысы – Ажар Төлеуханова.

    Біз спортшымызды, оның жетістіктерін және Шығыс Қазақстанның елімізде дәстүрлі садақ атуды дамытуға қосып келе жатқан үлесін мақтан тұтамыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары