Астана қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңі аясында үздік отбасыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Аталған байқаудың республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының атынан Күршім ауданының намысын қорғаған Маденовтар отбасына статуэтка мен арнайы қаржылай сертификат табысталды.
Бұл – отбасы құндылықтарын дәріптеп, өнегелі тәрбие мен ұрпақ сабақтастығын насихаттап жүрген жанұяға көрсетілген зор құрмет.
Маденовтар отбасын лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңызға шаттық, береке-бірлік, отбасыларыңызға амандық, толағай табыс тілейміз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









