Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінің 2026 жылға арналған тізбесіне сәйкес Жамбыл облысы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуын аралық бағалау бойынша мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекеттік аудитпен 2 мемлекеттік мекеме және 1 кәсіпорыны үстеме тексерумен қамтылыды.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілері Қазақстан Республикасы Бюджет және Азаматтық кодекстерінің, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақталмағаны анықталды.
Әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін 16 материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге рәсімделіп жолданды, оның ішінде:
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-не 2 материал жолданды;
- Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талабы сақталмай, 11 материал жолданды;
- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ –не 2 материал жолданды.
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқама мен ұсынымдар жолданады.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінің 2026 жылға арналған тізбесіне сәйкес Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бөлігін белгіленген нормативке сәйкес бюджетке толық және уақтылы аударылуына мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекеттік аудитпен 3 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тексерумен қамтылды.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша аудит объектілері тарапынан Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бөлігін белгіленген нормативке сәйкес бюджетке толық және уақтылы аударылуын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде көзделген нормалар мен ережелердің сақталмауына жол берілгені анықталды.
Әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 238-бабы бойынша 6 материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге рәсімделіп жолданды.
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқама мен ұсынымдар жолданды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









