Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарлары М.Б. Рысдәулетов, Қ.Т. Мыңбаев, сондай-ақ Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және Жобаларды басқару басқармаларының басшылары Roca Group компаниясының өкілдерімен кезекті кездесу өткізді.
Кездесу барысында салынып жатқан және іске асырылуы жоспарланған құрылыс нысандарында компания өнімдерін қолдану бағытындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысында санитариялық-техникалық бұйымдар өндірісін кезең-кезеңімен жергіліктендіру жобасын іске асыру барысы талқыланды.
Атап айтқанда, компания өнімдерін құрылыс нысандарында қолдану бойынша ынтымақтастықты дамыту мақсатында облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен қосымша кездесулер ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, құрылыс нысанының жобалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан кезең-кезеңімен өткізу ерекшеліктеріне, сондай-ақ құрылыс жобаларын мемлекеттік сараптамаға ұсынғанға дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар «Roca Kazakhstan» ЖШС-ның Қызылорда облысында санитариялық-техникалық бұйымдар өндірісін кезең-кезеңімен жергіліктендіру жобасын іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің ықтимал жолдарын қарастырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









