2026 жылдың 25 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында Аудит объектілерінің қатысуымен нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап арыз беру тәжірбиесін талқылау үшін аудит объектілерінің өкілдерімен кездесу өткізілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    2026 жылдың 25 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында Аудит объектілерінің қатысуымен нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап арыз беру тәжірбиесін талқылау үшін аудит объектілерінің өкілдерімен кездесу өткізілді

    Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Аудит объектілерінің қатысуымен нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап арыз беру тәжірбиесін талқылау үшін аудит объектілерінің өкілдерімен кездесу өткізілді.

    Аталған кездесуге Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдерінің басшылары, орынбасарлары мен жауапты мамандары және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен есепшілері қатысты.

    Кездесу барысында Тексеру комиссиясының Заң бөлімінің басшысы А.Юсупов Нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қою тетіктері, сот органдарымен талап арызды қараусыз кері қайтару негіздері, нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы, нұсқаманы орындауды міндеттеу мақстанда сотқа талап қою тәжірібиесі жөнінде баяндады.

    Сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектілері өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап арыз жолдау барысында заңнама талаптарын сақтау, нұсқаманың орындалуына қадағалауды күшейту ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары