
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде 2026 жылдың І жартыжылдығында жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша анықталған жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтарды талқылау үшін аудит объектілерінің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Аталған кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және Тараз қаласы әкімдігінің бөлімдерінің басшылары, орынбасарлары мен жауапты мамандары қатысты.
Кездесу барысында Тексеру комиссиясының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы Б.Қасымбек Тексеру комиссиясының 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмысының негізгі қорытындылары және анықталған жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар жөнінде баяндады.
Сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектілері өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта кемшіліктер мен бұзушылықтарды болдырмау үшін тиісті жұмыстар жүргізіп, қадағалауды күшейту ұсынылды.






