Жапонияның Аичи халықаралық аренасында дзюдодан ХХ жазғы Азия ойындарында аралас командалық сайыстағы (микст) финалы аяқталды.
Бас жүлде жолында Қазақстан командасы жарыс қожайынымен шеберлік байқасты. Аса тартысты кездесуде жапон палуандары басым түсті. Есеп: 0-4.
Бүгін Қазақстан құрамасының сапында Ғұсман Қырғызбаев, Бақытжан Абдурахманов (екеуі -73 кг), Меруерт Сәрсенова, Дана Әбдірова (екеуі -57 кг), Айдар Арапов (-90 кг), Ажар Асхат (-70 кг), Марат Байқамұров, Ерасыл Қажыбаев (екеуі +90 кг) Екатерина Токарева, Аида Тойшыбекова (екеуі +70 кг) өнер көрсетті.
Осыған дейін Азиадада Қазақстан командалық сайыста Джакарта-2018 (микст) мен Инчхон-2014 ойындарында (ерлер арасында) ақтық сынға жетіп, 2-орын алған.
Қазақстан дзюдошылары бүгін ширек финалда Қырғызстанды (4-2), жартылай финалда Оңтүстік Кореяны (4-3) ұтты.
Бұл Қазақстан командасының ХХ жазғы Азиададағы жетінші жүлдесі. Еншімізде 5 күміс, 2 қола медаль бар.
🥈 Қазақстан командасы (микст)
🥈 Елдос Сметов (-60 кг)
🥈 Абиба Әбужақынова (-48 кг)
🥈 Әділет Алмат (-81 кг)
🥈 Ажар Асхат (-70 кг)
🥉 Эсмигүл Куюлова (-63 кг)
🥉 Екатерина Токарева (-78 кг)
Осымен Аичи-Нагояда дзюдо бәсекесі аяқталды.









