
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан топтық сайыста жеңімпаздар анықталды.
Бұл сында Қазақстан намысын Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғады.
Финалда аруларымыз 5 доп сайысында 25.450 ұпай жинаса, 3 шығыршық пен 2 ұршық жаттығуында 26.100 ұпайға ие болды.
Жалпы нәтиже:
🥇🇨🇳 Қытай - 55.300 ұпай
🥈🇯🇵 Жапония - 52.500 ұпай
🥉🇰🇿 Қазақстан - 51.500 ұпай
Айта кетейік, Жапониядағы Азия ойындары ертең, 4 қазан күні аяқталады.








