
ХХ жазғы Азия ойындарында еркін күрестен Қазақстан командасының қоржынына тағы бір қола медаль түсті.
Отандасымыз Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) қола медаль үшін белдесуде Үндістан өкілі Сагар Жагланды айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0.
Енді біраздан соң әйелдер күресінен Шұғыла Өмірбек (-53 кг) пен Нилуфар Раимова (-57 кг) қола жүлдеге таласады.
Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ








