Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың 5 қарашасында Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бөлігін белгіленген нормативке сәйкес бюджетке толық және уақтылы аударылуына мемлекеттік аудитінің қорытындысы және нұсқамалардың орындалу тәртібін талқылау үшін аудит объектілерінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған кездесуге Қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының бас дәрігері Х.С.Мурзакасымов, Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.К.Бекебаева, Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Б.А.Мейірбеков және бас есепшілер қатысты.
Кездесу барысында Сапа бақылауы бөлімінің бас инспекторы Б.Жолымбетовтың аудит қорытындысы бойынша нұсқамалардың орындалу тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жасады.
Сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектілері өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, нұсқамаларды орындау барысындағы кемшіліктерді болдырмау бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









