Астанада Абылай хан даңғылындағы автобус жолағының қолданылу тәртібі өзгереді

    Астанада 7 қарашадан бастап Абылай хан даңғылының А. Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі аралығында автобус жолағының қолданылу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Атап айтқанда, 7.5.2 «Жұмыс күндері» қосымша ақпарат белгісі алынып тасталады. Осыған байланысты автобус жолағы демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, аптаның барлық күнінде қолданылады.

    Бұл ретте оның уақыттық режимі өзгеріссіз қалады. Автобус жолағы сағат 06:30-дан 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

    Жүргізушілер жол белгілерінің талаптарын және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауы қажет. Автобус жолағына қатысты талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салынады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары