Ауылдың жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Көкжазық ауылында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Қашаубаев және Молдағұлов көшелеріне асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жөндеу жұмыстары аясында төмендегі жол учаскелері жаңартылды:
* Молдағұлов көшесі – 1,2 км;
* Қашаубаев көшесі – 1,3 км.
Осылайша, жөнделген жолдардың жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрады. Атқарылған жұмыстар ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық болды.
Жол жамылғысының жаңартылуы тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасап, елді мекеннің жол инфрақұрылымының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Ауданның жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Мұндай іс-шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









