Жетісу облысы Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округі әкімінің аппараты

    Аппарат туралы

    "Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкімнің аппараты) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық -талдау тұрғысынан, ұйымдық -құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Әкімнің аппаратында ведомстволары жоқ.Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқытық актілерге,сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру 2026 жылғы 22 мамыр сағат 14:30-де Жетісу облысы Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, 67, мекен-жайында (2 қабат 28 кабинет) Ескелді ауданы, ауылдық, қалалық округ әкімдерінің аппараттары және аудандық бөлімдер қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді. Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі. Сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласа аласыз: 8- 72836-3-0182 , 8-771-413-5351 Аденова Салтанат Амангелдиевна

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    с. Карабулак, ул. Оразбекова 67 (2 этаж, 28 кабинет)
    ОтырысАяқталды

    09-мамыр Ұлы Отан соғысы күніне арналған мерекелік іс-шараға шақырту

    Құрметті округ тұрғындары сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға шақырамыз. Іс-шара 9 мамыр күні сағат 09:00-де Обелиск жанында өтеді.

    9 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Село Кокжазык, улица Кашаубаева 73
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Ескелді ауданы, ауылдық, қалалық округ әкімдерінің аппараттарында және аудандық бөлімдерде 2026 жылғы 4-29 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда: 1) мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі телефондарға хабарласа аласыз: Аденова Салтанат Амангелдіқызы, телефон нөмірі 8 771 413 5351.

    17 сәуір 2026 ж.Тікелей
    здание акимата
    ОтырысАяқталды

    Қысқы эстафетаға шақырту

    "Спорт бақытқа апарар жол" атты қысқы эстафетаға шақырамыз Өту орны Көкжазық ауылы, Бөкейхан көшесімен Мерген демалыс орнының қиылысында Өтетін күні 14 ақпан сағат 10:00

    14 ақпан 2026 ж.Тікелей
    село Кокжазык

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    5. "Алтын алқа" және "Күміс алқа" мемлекеттік наградаларымен кімдер марапатталады?

    Жауап

    «Алтын алқа» алқасымен 7 және одан да көп бала туған, «Күміс алқа» алқасымен 6 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген аналар соңғы баласы 1 жасқа жеткен және балалары тірі болған ретте марапатталады.

    ·
    Сұрақ

    4. Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру үшін субсидияланатын жұмыс орындарының қандай түрлері бар?

    Жауап

    Жұмыссыз тұлғаны жұмысқа орналастыру мақсатында субсидияланатын келесі жұмыс орындары ұйымдастырылады: Жасы 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары, жасы 50-ден асқан жұмыссыздарға «Күміс жас» жобасы, жұмыссыз азаматарға «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы. Субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мекен-жайы бойынша Мансап орталығына жүгіне алады немесе «Электрондық еңбек биржасы порталына» онлайн түрде өтінім бере алады.

    ·
    Сұрақ

    3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?

    Жауап

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін келесі құжаттар ұсыну керек: өтініш, өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері некеге тұру бұзу, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері, пәтерде ресми түрде тұрып жатқаныңызды растайтын құжат, тұрғын үй бар-жоғы туралы анықтама, халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжат, жұмыс орнынан анықтама.

    ·
    Сұрақ

    2. Жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін қандай бағдарламалар қарастырылған?

    Жауап

    Жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін келесі бағдарламалар қарастырылған: 1) «Жастар практикасы» оқуын бітіріп келгендерге уақытша жұмысқа орналастырылып, тұрақты жұмыс табуға көмектеседі; 2) «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 18-35 жас аралығындағыларға өз идеяларын іске асыру үшін қаржылай қолдау; 3) «Жасыл ел» бағдарламасы жаз мезгілінде көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысуға тарту.v

    ·
    Заң

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы

    Жарияланды:
    Жарлық

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы

    https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasy-kuryltayynyn-saylauyn-tagayyndau-turaly-163931

    Жарияланды:
    Есеп

    "Көкжазық ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің 2026 жылдың 2 тоқсанның қорытыныдысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі"

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызметкерлер тізімі

    Жарияланды: