1 / 2
Көкжазық ауылдық округінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсету бағытында жұмыстар үнемі жүргізіледі.
Тұрғындарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктерін түсіндіру.
Жұмыс барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті ақпараттар берілді. Сонымен қатар, электрондық бұрыш арқылы мемлекеттік қызметтерді алу, электрондық порталдарды пайдалану және қажетті өтініштерді онлайн түрде жолдау бойынша практикалық көмек көрсетілді.
Аталған жұмыстар тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге және құқықтық мәселелер бойынша қажетті ақпаратты уақытылы алуға бағытталған







