1 / 3
1 қазан – Қарттар күніне орай Ескелді ауданы, Көкжазық ауылында қазыналы қарттарымызға арнап ақ дастархан жайылып, мерекелік шара ұйымдастырылды. 🤍
Қарттарымызға құрмет көрсетіліп, ақ тілектер айтылып, көңілді әңгіме мен көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Дастархан басында үлкендеріміздің батасын алып, өнегелі әңгімелерін тыңдадық.
Қазыналы қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!
Қарттарымыз аман болсын, шаңырақтарымыздан үлкендердің ақ батасы үзілмесін!







