29 қазанда «Таза Қазақстан – Таза Ұзынкөл» жобасы аясында «Neco» Экологиялық клубы» ҚҚ Ұзынкөл ауданының әкімдігімен бірлесіп эковолонтерлер слетін өткізді.

    1 / 4

    Іс-шара аясында қатысушылар аудан әкімі Марат Жұрқабаевпен еркін әрі бейресми форматта ашық кездесу өткізді. Сонымен қатар, банкілерді жинау байқауының жеңімпаздарына велосипедтер мен алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды, сондай-ақ белсенді мектеп оқушылары – эковолонтерлер ақшалай сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

    Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан – Таза Ұзынкөл» жобасын іске асыру аясында тапсырыс берушімен келісілген фирмалық стильдегі имидждік өнімдер дайындалды. Жоба іс-шараларында пайдалану үшін фирмалық брендингі бар 10 футболка мен 10 бейсболка сатып алынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұзынкөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары