Қызметтік әдепті сақтау — Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіқызметкерлеріне қойылатын негізгі талап. ҚР Әдеп кодексіне сәйкес, лауазымды тұлғалардың кәсіби бейнесі адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарына негізделеді, бұл салық төлеушілер мен бизнестің мемлекетке деген сеніміне тікелей әсер етеді.
МКД қызметкерлері мінез-құлқының негізгі стандарттары:
·Адалдық:Салық және кедендік қызметтерді сапалы көрсету, бюрократизм мен сөзбұйдаға салуға жол бермеу.
·Әділдік:Шешімдерді қатаң түрде ҚР Салық және Кеден кодекстері шеңберінде қабылдау, барлық қызмет алушыларға тең және бейтарап қарау.
·Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық:Қызметтік жағдайды жеке мүддеге пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салу және мүдделер қақтығысын толықтай болдырмау.
·Кішіпейілділік пен сыпайылық:Қызметтік міндеттерді атқару кезінде (қабылдау орталықтарында және кеден бекеттерінде), сондай-ақ күнделікті өмірде азаматтармен сыпайы және құрметпен сөйлесу.
Әдептік бақылау
Департаментте бұзушылықтардың алдын алуды және азаматтардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты негізде жұмыс істейді. Өңірдің мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері тарапынан әдепсіз мінез-құлық фактілері анықталған жағдайда, азаматтар жедел шаралар қолдану үшін ресми өтініш жіберуге құқылы.
МКД қызметкерлерінің жоғары моральдық қасиеттері — Жетісу облысының ашық фискалдық жүйесінің негізі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









