Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Департамент туралы

    Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуге уәкілетті аумақтық органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

    16.09.2026 ж. 11-00 Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуі: мерзімдері, қолайлы сервистер және төлемеудің салдары. Спикер: Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы орынбасары Қалиев Алмат Серікұлы

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

    27.08.2026 г. 11-00 Всеобщее декларирование: актуальные вопросы. Спикер: Руководитель Управления непроизводственных платежей Департамента государственных доходов по области Жетісу Бейсекбай Г. и главный специалист Тиесова Ж.Г.

    27 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Баспасөз маслихаты

    Құрметті Жетісу облысының тұрғындары! Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, кәсіпкерлерді және барлық қызығушылық танытқан азаматтарды баспасөз мәслихатына шақырады. Тақырыбы: «Әкімшілік айыппұлдар бойынша рақымшылық қолдану». 🎙 Спикер: Байқаш Әсем Тұрарбекқызы – Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының басшысы. 📅 Күні: 2026 жылғы 28 шілде 🕚 Уақыты: 11:00 📍 Өтетін орны: Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйі, 1-қабат. Баспасөз мәслихаты барысында әкімшілік айыппұлдарға қатысты рақымшылықты қолдану тәртібі түсіндіріліп, заңнамадағы негізгі нормаларға тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріледі. Қатысуға шақырамыз! ---

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    Beisen Kuranbek House of Journalists, 1st Floor.
    ОтырысАяқталды

    БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

    Тақырыбы: Қосылған құн салығы төлеушіні тіркеу есебіне қою туралы Спикерлер: Жарымбетов Талғат Рахматуллаұлы — Жетісу облысы бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы. Талыпбай Ернар Байжомартұлы — Жетісу облысы бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бөлім басшысы. Өтетін уақыты мен орны: Күні: 22 сәуір 2026 жыл Уақыты: 11:30 Мекенжайы: Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйі, 1 қабат.

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

    24.02.2026. Кедендік тексеріп қарауды жүргізу қағидалары туралы. Спикер: Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік әкімшілендіру басқармасы кедендік бақылау бөлімінің басшысы Исаев Ф.

    24 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

    23.09.2025. ҚР Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер мен жаңашынылдықтар туралы. Спикер: Жетісу облысы бойынша МКД басшы орынбасары Шайкенов Сапар Сатайұлы

    23 қыркүйек 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Банктерден ақпарат алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары қандай шаралар қолданады?

    Жауап

    Екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары іс-шараларды екі кезеңде жүзеге асырады. Бірінші кезең – салық төлеушіні хабардар ету. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушіні табыс алу белгілерінің бар екендігі туралы хабардар етеді. Осы мақсатта салық төлеушіге хабарлама (извещение) жіберіледі, ол ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді. Екінші кезең – бақылау шаралары. Бұдан әрі, негіздер болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен камералдық бақылау жүргізеді. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеушіге хабарлама (уведомление) жолданады. Хабарламаны орындау оны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    ·
    Сұрақ

    Жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса да, оның аударымдары туралы мәліметтер салық органдарына беріле ме?

    Жауап

    Иә, белгіленген критерийлерге сәйкес келетін барлық жеке тұлғалар бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылады. Бұл ретте жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелген-тіркелмегені ескерілмейді, себебі бақылау кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шоттарына түскен ақша қаражаттарына қатысты жүргізіледі.

    ·
    Сұрақ

    Қандай жағдайларда банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес банк ұйымдары кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жағдайда жеке тұлғаның банк шотына басқа жеке тұлғалардан түскен ақша қаражатының жиынтық сомасы туралы мәліметтерді ұсынады. Мұндай мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген критерийлер бір мезгілде орындалған кезде ғана беріледі. Атап айтқанда, егер жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына 100-ден астам әртүрлі тұлғадан ақша алса және олардың жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, банктер бұл туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.

    ·
    Сұрақ

    Яндекс таксиде мобильді қосымша бойынша жұмыс істеймін, 2026 жылы бізді қандай өзгерістер күтіп тұр.

    Жауап

    01.01.2026 жылдан бастап сіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінде қызметті жүзеге асыруға құқығыңыз бар, өйткені такси қызметінің түрі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне кіреді. Бұл ретте осы режимді қолдана отырып, күнтізбелік айда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс кіріс бойынша шарттарға сәйкес келу қажет (4 325 АЕК*300= 1 297 500 теңге). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметі арнайы мобильді қосымшаны міндетті түрде пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.

    ·
    Сұрақ

    ДК патент бойынша жұмыс істеді шаштараз қызметтерін көрсетті біз 2026 жылы қандай режимде жұмыс істей аламыз.

    Жауап

    01.01.2026 жылдан бастап Сіз қызметті өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асыруға құқығыңыз бар, өйткені "шаштараздар мен сұлулық салондарының қызмет көрсету" бойынша қызмет түрі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне кіреді. Бұл ретте осы режимді қолдана отырып, күнтізбелік айда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс кіріс бойынша шарттарға сәйкес келу қажет (4 325 АЕК*300= 1 297 500 теңге).

    ·
    Сұрақ

    2026 жылы пәтер сатқым келеді, оны 2025 жылы кеңейтуге байланысты сатып алдым, сату тура бір жылдан кейін болады, егер салық бойынша қандай да бір міндеттеме туындайды ма?

    Жауап

    2025 жылы сатып алынған және тіркелген және мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір жыл немесе одан да көп уақыт өткен соң сатылатын жылжымайтын мүлік сатылған жағдайда құн өсімінен түсетін табыс пайда болмайды, өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелетін жылжымайтын мүлік объектілеріне әсер етеді, демек, 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу кезінде иелену кезеңі екі жылды құрайды.

    ·
    Ақпарат

    Сот арқылы банкроттық рәсімі туралы хабарлау және кредиторлардың талаптарды қою тәртібі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қаржы басқарушылардың тізімі /Қаржы басқарушысы ретінде тағайыңдауға жататын тұлғалар тізімі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Банкроттық рәсімінде кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қаржы басқарушылардың тізімі /Қаржы басқарушысы ретінде тағайыңдауға жататын тұлғалар тізімі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сот арқылы банкроттық рәсімі туралы хабарлау және кредиторлардың талаптарды қою тәртібі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Объявление о возбуждении Сот арқылы банкроттық рәсімі туралы хабарлау және кредиторлардың талаптарды қою тәртібі по делу о судебном банкротстве, о восстановлении платежеспособности должника и порядок заявления требований кредиторами

    Жарияланды: