🔍Салық бақылауы не үшін енгізілді? Басты мақсат — жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтау.
·Азаматтар арасындағы жеке аударымдар (туыстарға көмек, қарызды қайтару, мерекелік жиындар) тексерілмейді — жеке шоттар тұрмыстық есептерге арналған.
·Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді жеке карталарға қабылдауға тыйым салынады. Кәсіпкерлер төлемдерді арнайы бизнес-шоттарға (QR-код арқылы) қабылдауға немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысқан кезде БКМ чегін беруге міндетті.
🚨Қандай критерийлер бойынша тексеріске іріктейді? Салықтық бақылау тек үш шарт бірдей орындалған жағдайда ғана іске қосылады:
1.🗓Кезең: қатарынан 3 айлық кезең алынады.
2.👥Жіберушілер саны: осы 3 айдың әрқайсысында ақша 100 және одан да көп әртүрлі адамнан түседі. (Егер бір адам сізге бір айда бірнеше рет ақша аударса, ол 1 жіберуші болып есептеледі).
3.💰Жалпы сома: осы 3 айдағы осындай аударымдардың жиынтық сомасы 360 АЕК-тен асады (4 325 теңгелік АЕК кезінде шекті мөлшер 1 557 000 теңгені құрайды). (Егер кем дегенде бір айда жіберушілер саны 100-ден аз болса — сіз тексеру критерийлеріне ілікпейсіз).
📩Критерийлерге іліккен жағдайда не болады?
·Ақпараттық хабарлама:танысу үшін «Салық төлеушінің кабинетіне» жіберіледі (оған жауап беру талап етілмейді).
·Камералдық бақылау хабарламасы:егер кәсіпкер есептілікті түзетпесе немесе ЖК(ИП) тіркемесе ғана қойылады.
·Айыппұлдар:бұл кезеңде әкімшілік айыппұл санкциялары қолданылмайды — есептілікті өз еркімен ретке келтіруге мүмкіндік беріледі.
💡ЖКнемесе жеке тұлға: салықтар бойынша айырмашылығы неде?
·Арнайы режимдегі ЖКүшін:төмендетілген мөлшерлемелер (2% бен 4% аралығында) қолданылады, әлеуметтік және зейнетақы жарналарын төлеу мүмкіндігі бар.
·ЖКжоқ жеке тұлғалар үшін:анықталған коммерциялық кірістерді келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін 270.00 нысанында ЖТС 10% мөлшерлемесімен (немесе прогрессивті шкала бойынша 15%-ға дейін) өз бетінше декларациялау қажет болады.
❓Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:
·🏫Ата-аналар комитеттері: сыныптарда әдетте 25–32 бала болады. Іс-шараларға жиналатын қаражат айына 100 әртүрлі жіберушіні бермейді, сондықтан олар бақылауға ілікпейді.
·👨👩👧👦Туыстардан түсетін аударымдар: анадан, күйеуден немесе ағадан келген аударымдар критерийлерге сәйкес келмейді, өйткені жіберушілер саны 100-денкем.
·💳Балалар карталары: банктерде сомалар бойынша шектеулер бар (100 000 теңгеге дейін), сондықтан балалар тексеріске ілікпейді.
·🏧Терминалдар арқылы толықтырулар: тек «жеке тұлға - жеке тұлға» форматындағы мобильді аударымдар есепке алынады.
·🏠Пәтерді жалға беру: жалға беруден түсетін кіріс салық салуға жатады, азаматтар өзін-өзі жұмыспен қамтығанретінде тіркеле алады.
·🤝Қарызды қайтару: жеке қаражатқа салық салынбайды, бірақ хабарлама алған кезде ресми түсініктеме беру қажет болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









