Яндекс таксиде мобильді қосымша бойынша жұмыс істеймін, 2026 жылы бізді қандай өзгерістер күтіп тұр.
01.01.2026 жылдан бастап сіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінде қызметті жүзеге асыруға құқығыңыз бар, өйткені такси қызметінің түрі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне кіреді. Бұл ретте осы режимді қолдана отырып, күнтізбелік айда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс кіріс бойынша шарттарға сәйкес келу қажет (4 325 АЕК*300= 1 297 500 теңге).
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметі арнайы мобильді қосымшаны міндетті түрде пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.