ДК патент бойынша жұмыс істеді шаштараз қызметтерін көрсетті біз 2026 жылы қандай режимде жұмыс істей аламыз.
01.01.2026 жылдан бастап Сіз қызметті өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асыруға құқығыңыз бар, өйткені "шаштараздар мен сұлулық салондарының қызмет көрсету" бойынша қызмет түрі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне кіреді. Бұл ретте осы режимді қолдана отырып, күнтізбелік айда тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс кіріс бойынша шарттарға сәйкес келу қажет (4 325 АЕК*300= 1 297 500 теңге).