ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ 2026 ЖЫЛДЫҢ 3 ТОҚСАНЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

    1 / 5

    Бүгін, 2026 жылғы 3 қарашада Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент басшысы Умирзаков У.Е. төрағалығымен алқа отырысы өтті. Жиын бейнеконференцбайланыс форматында Департамент басқармаларының басшылары, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мен кеден бекеттері басшыларының қатысуымен ұйымдастырылды.

    Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — «2026 жылдың 3 тоқсанындағы қызмет қорытындылары және 2026 жылдың 4 тоқсанына арналған міндеттер».

    Алқа барысында жұмыстың негізгі бағыттары қаралды:

    Есепті кезеңдегі түсімдер қорытындыланып, жылдың соңғы тоқсанына арналған басымдықтар айқындалды. Ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша Жетісу облысының Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік бюджетке 250,4 млрд.теңге түсім қамтамасыз етіп жоспарды 104,5% орындады (жоспар 1.10.26ж-239,7млрд теңге), өткен жылмен салыстырғанда түсім 3,4 млрд.теңгеге артып, өсу қарқыны 101,4% құрады.

    Оның ішінде, Республикалық бюджетке 152,6 млрд.теңге қамтамасыз етіліп жоспар 102% орындалды (жоспар 1.10.26ж-149,6млрд теңге).

    Жергілікті бюджетке 97,9 млрд.теңге қамтамасыз етіліп жоспар 108,7% орындалды (жоспар 1.10.26ж-90,1млрд теңге).

    Камералдық бақылау, жанама салықтар мен өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру нәтижелері талқыланды.Ағымды жылдың 9 айындағы кедендік әкімшілендіру, реттеу және тауарлар шығарылғаннан кейінгі бақылау мәселелері егжей-тегжейлі талданды.

    Сондай-ақ алқа отырысы аясында аумақтық МКБ және кеден бекеттерінің басшылары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

    Жиын қорытындысы бойынша Департамент басшысы Умирзаков У.Е. үшінші тоқсанның жұмыс нәтижелерін қорытындылап, Жетісу облысы мемлекеттік кірістер органдарының алдында тұрған 2026 жылдың IV тоқсанына арналған стратегиялық міндеттер мен басым бағыттарды атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары