2026 ЖЫЛҒЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

    Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғауға және бірқатар салықтық жеңілдіктерге құқылы. Жұмыс берушілер жалақы мен салықтарды есептеу кезінде осы ерекшеліктерді ескеруі қажет.

    🔹Қандай жеңілдіктер қарастырылған?

    ✅ЖТС (жеке табыс салығы)

    Мүгедектігі бар қызметкерлерге қосымша салықтық шегерімдер беріледі:

    ▪️ I және II топ – жылына 5 000 АЕК

    ▪️ III топ – жылына 882 АЕК

    Сонымен қатар 30 АЕК мөлшеріндегі базалық шегерім қолданылады.

    ✅МӘМС

    Мүгедектігі бар қызметкерлер үшін МӘА және МӘМС жарналары төленбейді. Оларды мемлекет төлейді.

    ✅МЗЖ

    Міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден тек мерзімсіз мүгедектігі бар I және II топтағы адамдар босатылады.

    🔹Жалпы тәртіппен төленетін төлемдер:

    ▪️ Әлеуметтік аударымдар

    ▪️ Әлеуметтік салық

    ▪️ МЗЖ — III топ және мерзімді мүгедектік кезінде

    📄Қандай құжаттар қажет?

    Жеңілдіктерді қолдану үшін жұмыс берушіге:

    ✔️ өтініш

    ✔️ мүгедектікті растайтын анықтама ұсыну қажет

    📌Анықтаманы Egov.kz порталы арқылы онлайн алуға болады.

    Маңызды: егер қызметкер бірнеше жұмыс орнында еңбек етсе, салықтық шегерім тек бір жұмыс орнында ғана қолданылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары