Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған барлық тауарлар мен оларға арналған құжаттар тауарларды жеткізу орнына жеткізілмеген кезде «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 230-бабында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болады.
Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезіндегі міндеттерді орындамаудың өзге жағдайларында, оның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігін жеткізбеген жағдайда, Кодекстің 230-бабында көрсетілген тұлғалар аумағында бұзушылық анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.
Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес теміржол көлігімен тауарларды тасымалдау кезінде тасымалдаушының міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікті теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілерінде не, егер тауарларды беру Қазақстан Республикасының теміржол тасымалдаушылары арасында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауға қабылдаған теміржол тасымалдаушысы көтереді.
Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес теміржол көлігімен тауарларды тасымалдау кезінде өз міндеттерін орындамағаны үшін теміржол тасымалдаушысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болады.
Бұл ретте «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде 528-бап бойынша жауапкершілік көзделген және ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарын тәркілей отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









