Комплаенс саласындағы кәсіби құзыреттілікті арттыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

    «Ақтоғай Энерго», «Ақтоғай Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметі үздік тәжірибелермен алмасу және комплаенс қызметінің тиімділігін жетілдіру мақсатында кәсіби мінез-құлықтың бірыңғай стандарттарын қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері не арналған дөңгелек үстел өткізді.

    Іс-шара барысында қатысушылар заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, комплаенс-қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау мен олардың алдын алудың заманауи тетіктерін енгізу мәселелерін талқылады.

    Ерекше назар тәжірибе алмасуға, комплаенс тәуекелдерін басқарудың тиімді құралдарын қарастыруға және заңдылық, ашықтық, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын сақтауға бірыңғай көзқарас қалыптастыруға аударылды.

    Мұндай іс-шараларды өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін нығайтуға, корпоративтік әдепті дамытуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Басты мақсат — кәсіби мінез-құлықтың жоғары стандарттарына, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатына және қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарауға негізделген бірыңғай комплаенс мәдениетін қалыптастыру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтоғай ауданының әкімдігі" жаңалықтары