ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 4

    Бәйдібек аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы мен Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің қызметкері бірлесіп, Ақбастау ауылдық округінде жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және өзге де зиянды әрекеттердің алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара сағат 23:00-ге дейін жүргізілді.

    Рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшелерде және қоғамдық орындарда болу фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жастарға құқықтық сауаттылық, жеке қауіпсіздік және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Мұндай профилактикалық рейдтер жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары